Date of publication: 20.12.2021 19:10
Date of changing: 20.12.2021 19:23

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің теңдестірілген көрсеткіштері (KPI) жүйесін енгізу туралы хабарлайды.

Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (ағылш. Key Performance Indicators, KPI) - бұл мақсатқа жету дәрежесін немесе процестің оңтайлылығын өлшеуге көмектесетін сандық көрсеткіштер, атап айтқанда: нәтижелілік және тиімділік.

Бұл жағдайда тиімділіктің негізгі көрсеткіші ЕАЭО кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде кедендік операцияларды жүргізуге жұмсалатын орташа уақыт болып табылады.

Өткізу пункттерінде кедендік операцияларды жүргізудің орташа уақытын азайтуға жаңғырту, яғни көп жолақты өткізу пункттерін құру, өткізу пункттерінің аумағын кеңейту, жүк және жолаушылар терминалдарын, уақытша сақтау қоймалары мен тексеру орындарын салу, бірыңғай кешенмен интеграцияланған кедендік бақылаудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын орнату есебінен қол жеткізіледі.

2021 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕАЭО сыртқы шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің мынадай теңдестірілген көрсеткіштері бар:





Шектес мемлекет Өткізу пункті KPI (мин)
1 Өзбекстан Республикасы Б.Қонысбаева 69
2 Атамекен 90
3 Қапланбек 89
4 Қазығұрт 40
5 Тәжен 22
6 Қытай Халық Республикасы Алакөл 79
7 Қалжат Шектес тарап жабық
8 НұрЖолы 68
9 Бақты 82
10 Майқапшағай Шектес тарап жабық
11 Түрікменстан Темір-Баба 66