Date of publication: 17.09.2018 17:48
Date of changing: 17.09.2018 17:49

I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік мекемесі, заңды мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 31 «Б» ш/а 18 ғимарат, тел. 8 (7292) 301310 /ішкі 1189, 1185/ (305 кабинет), e-mail: a.asanova@kgd.gov.kz, k.tleubaeva@kgd.gov.kz жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

 

 

  1. Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы қылмыстарды тергеу бөлімінің  жетекші маманы – тергеушісі (С-GDO-6 санаты, 1 бірлік).  

Функционалдық міндеттері: қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жоюға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Қазақстан Республикасының Конституциясын»,  «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық – процестік кодексін», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білуі. Полиграфологиялық зерттеуді, мемлекеттік тілді білуі және құзыреттерді бойынша тестілеуден  міндетті түрде өту.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттік кірістер органының кадр қызметіне мынадай құжаттарын тапсырады:

  1. белгіленген нысандағы өтінішті;
  2. белгіленген нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;
  4. бiлiмi туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшiрмесiн;
  5. әскери қызмет өткерген немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшiрмесiн;
  6. өлшемі 3х4 фотосуретін (4 дана);
  7. белгіленген нысан нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және А4 форматында басылып шығарылған өмірбаянын;
  8. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
  9. құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама;
  10. үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар;
  11. құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан заңнамаларға біліктілігін тестілеуден шекті деңгейден төмен емес нәтижеде өткендігі туралы сертификат;
  12. құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан жеке құзыреттерін бағалаудан өткендігі туралы қорытынды.

Бұл ретте кадр қызметі құжаттардың көшірмесін түпнұсқасымен салыстырады.

Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 17 қыркүйектен бастап 2018 жылдың 28 қыркүйекті қоса алғанда он жұмыс күні ішінде Ақтау қаласы 31 «Б» ш/а  18 ғимарат Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік мекемесі мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады.

            Конкурстық комиссия отырысына байқаушылардың қатысуы мүмкін.

 

 

     Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

                                                                                Адам ресурстары басқармасы