Жарияланған күні: 25.05.2017 16:13
Өзгертілген күні: 26.04.2018 13:50

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік мекемесі, заңды мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 31 «Б» ш/а, тел. 8 (7292) 301211 (305 кабинет), e-mail: a.asanova@kgd.gov.kz, k.tleubaeva@kgd.gov.kz жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар қатысуы мүмкін

 

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының жетекші маман-офицері (C-GDO-6 санаты, 1 бірлік, тұрақты)

Функционалдық міндеттері: Жедел-іздестіру қызметі бойынша статистикалық деректерді жинақтап, жүзеге асырады; экономикалық және қаржы саласындағы қылмыстарды анықтау бойынша Экономикалық терегу қызметінің бөлімшелерінің жедел-іздестіру қызметі бойынша кешенді талдау нәтижелерін жүзеге асырады; Экономикалық тергеу қызметінің жедел бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді; Экономикалық тергеу қызметінің  жедел-іздестіру бөлімшелерінің қызметі  бойынша сұрақтарды талдайды және талдап қорытындылайды, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауын, талдау және шолу ұсыныстармен оңтайландыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; Департаменттің құзыретіне кіретін , Үйлестіру кеңесі облыстың құқық қорғау органдары мәселелері бойынша материалдарды қарау үшін, құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады; экономикалық тергеу Қызметі бөлімшелерінің кедендік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік заңдылығына тәжірибе жүргізіп ведомстволық бақылауды жүзеге асырады; әкімшілік практикасы бойынша негізгі көрсеткіштерге талдау және жинақтау сапасының жай-күйін, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын жасау; өз құзыреті шегінде басқа да мемлекеттік органдармен және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен, қаржылық және ғылыми-зерттеу институттарымен, сараптамалық мекемелермен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады; құзыретінің шегінде ведомствоаралық кеңестерге, құқыққорғау және өзге де мемлекеттік органдардың жұмыс топтарына тікелей қатысады; құпия режимінің талаптарын сақтауда жауапты. ҚР заңдарымен, Комитет және Департаменттің құқықтық актілерімен қарастырылатын басқа да тапсырмалар мен міндеттерді орындау.

Білім және мамандық деңгейі бойынша талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі болу қажет.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Денсаулық жағдайы бойынша талаптар: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 07 сәуір 2016 жылғы №362 «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен анықталған құқық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін қызметке жарамдылық бойынша тиісті санаттар.

 

Полиграфологиялық зерттеуден және жеке басының құзыреті бойынша тестілеуден міндетті түрде өту қажет.

 

Құжаттарды қабылдау мерзiмi - конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш;

2) кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (іс жүзінде тұрғылықты орнының мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом мен қосымшасы);

5) әскери қызмет өткергені немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың көшірмесі;

6) өлшемі 3*4 фотосурет (4 дана);

7) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, толтырылған қолмен немесе басылған түрде жазылған өмірбаянын;

8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;

9) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) егер құжат тігетін папкаға салынған арнаулы атақты беру туралы немесе біліктілік сыныбын белгілеу туралы (бұрын басқа құқық қорғау органдарында қызмет өткергендерге арналған) бұйрықтан үзінді болса, қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, жұмыстан шығару туралы бұйрықтан үзінді.

Құжаттардың көшірмелерін қабылдаған кезде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады