Жарияланған күні: 31.05.2023 10:41
Өзгертілген күні: 31.05.2023 10:42

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабына сәйкес кешенді көшпелі кедендік тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жартыжылдық кесте бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте уәкілетті орган кешенді көшпелі кедендік тексерулер кестесін өзінің интернет-ресурсында:

     - бірінші жартыжылдық   үшін – жылдың 25 желтоқсанына дейін;

     - екінші жартыжылдық үшін – ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырылады.

       2023 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында 2023 жылғы 2 жартыжылдыққа арналған кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық кестесі орналастырылды. Кесте мына сілтеме бойынша қолжетімді:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/472679?lang=kk