Жарияланған күні: 15.11.2018 16:09
Өзгертілген күні: 15.11.2018 16:10

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қаперіңізге келесіні хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 91 "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап темір жол және автомобиль көлік түрлерімен алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік төлемдерді төлеуден босата отырып, әкелу нормалары төмендетіледі.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесімен Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 256-бабының 6-тармағына, 260-бабының 11-тармағына, 266-бабының 2, 3, 6 және 8-тармақтарына сәйкес шешім қабылданды:

1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімінің № 1 қосымшасының 2 пунктіндегі «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» сөздері «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін-құны 1 000 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 50 кг аспайды; 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін-құны 750 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 35 кг аспайды; 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап-құны 500 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды» деген сөздерін "2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап-құны 500 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды" деген сөздерімен ауыстыру.

2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімінің № 2 қосымшасының 2 пунктіндегі «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» сөздері «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін-құны 1000 евроға баламалы сомадан және (немесе) салмағы 50 кг; 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін-құны 750 евроға баламалы сомадан асады және (немесе) салмағы 35 кг-нан асады; 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап-құны 500 евроға баламалы сомадан асатын және (немесе) салмағы 25 кг асатын» деген сөздерін "2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап-құны 500 евроға баламалы сомадан асып түседі және (немесе) салмағы 25 кг асады" деген сөздерімен ауыстыру.

 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Кедендік бақылау басқармасы