Жарияланған күні: 10.10.2022 10:26
Өзгертілген күні: 10.10.2022 10:33

Қазіргі уақытта қазақстандық «Қарасу» өткізу бекетінде жүк автомашиналарының кептелісі жоқ,пост жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр.

Жүк көліктерінің уақытша шоғырлануы Ресейден Қырғызстанға транзитпен келе жатқан көптеген көліктердің бір уақытта келуімен байланысты болды.

22 қыркүйектен бастап Қазақстан-Ресей шекарасында бірінші кезекте өткізілген Ресей азаматтарының ағымы өсті. Ресейден Қазақстан аумағына жүк көлігінің кіруі Ресей шекара қызметімен уақытша шектелді.

Ресей азаматтарының ағыны азайғаннан кейін жүк көліктері Ресей тарапынан Қазақстан мен Қырғызстан бағытында бір уақытта жіберілді.

Осы себепті «Қарасу» бекетіне жүк машиналарының бір мезгілде келуі байқалды,қазіргі уақытта Қазақстанның шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылауы штаттық режимде жұмыс істеуде.