Жарияланған күні: 28.11.2016 17:24
Өзгертілген күні: 28.11.2016 17:25

2016 жылғы 23 қарашада Ақтау қаласында Жібек жолы елдерінің арасындағы саудаға жәрдемдесу және жеңілдетудің Кедендік әкімшіліктердің 7-ші Халықаралық Форумы өз жұмысын аяқтады.

Форумның жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Амрин, Түрік Республикасының Кеден және сауда министрлігінің Вице-министрі Ремзи Акчын, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Грузияның кедендік қызмет басшыларының бірінші орынбасарлары, сондай-ақ «Ақтау» және «Баку» теңіз порттарының басшылары қатысты.

Жиынның қортындысында қатысушылар Ақтау декларациясын қабылдады. Онда тасымалдаулардытездету мен олардың тартымдылығын арттыру мақсатында көліктік дәліздердің жұмыс ырғағын көтеру; «Керуен-Сарай жлюасы», «Бір Белбеу Бір Жол» және басқа да маңызды бағдарламаларды келісу мен жүзеге асыру арқылы Жібек жолы елдерінің арасындағы ынтымақтастықты жандандыру; саудадағы процедуралардыоңтайландырудың түрлі механизмдерін қолдану; шекараны асу процедураларын одан әрі жаңғырту, бар инфроқұрылымды жетілдіру, сондай-ақ кедендік тексерістердің жоғары технологияларын енгізу белгіленген.

Отырысты аяқтай отыра, Госман Амрин кедендік әкімшілендіруді оңтайландырудағы жағымды тенденцияны атап өтті және қатысушыларға бұл бағыттағы тығыз ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.