Жарияланған күні: 26.04.2017 16:01
Өзгертілген күні: 26.04.2017 16:02

Ұлт жоспары – 100 нақты қадам бағдарламасын іске асыру шеңберінде МО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өз тарихында алғаш рет мемлекеттік қызметтерді көрсетудің басты бағдары заңдылық, жариялылығы мен ашықтығын айқын көрсететін ерекше жобасын жүзеге асырды.

«Ақтау-КРО» кеден бекеті – кедендік рәсімдеу жүргізудің негізгі орталығы болып табылады. Өйткені «Ақтау-КРО» кеден бекетінде теміржол, автокөлік, құбыржол және әуе көлігімен, оған қоса халықаралық почта жөнелтімдері арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде импорт, экспорт, транзиттік кедедік рәсімдеу жүргізіледі.

«Ақтау-КРО» кеден бекеті – Маңғыстау облысында өндірілетін мұнай-газ шикізатына экспорттық баж алу арқылы мемлекеттік бюджетті толықтыру кезінде ең жоғары көрсеткішті қамтамасыз етеді.

2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 34 млрд 880 млн 689 мың теңге көлемінде салым түсті ( 2016 жылдың салыстырмалы кедендік төлемдер мен салықтардан түскен көрсеткіш 12 пайызға жоғарырақ, тиісінше ол 3 млрд 845 млн 294 мың теңгені құрайды).

Кедендік төлемдер мен салықтар түсімдерінің ең басым бөлігі мұнай-газ өнімдерін экспорттау кезінде әкету бажы болып табылады, а.ж. бұл түсім 33 млрд 129 млн 357 мың теңге болды. Бұл көрсеткіш департаменттің жалпы кедендік төлемдер мен салықтардың 95 пайызын құрайды.

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бір терезе қағидатын «Кедендік операциялар орындау кезінде оның ішінде кедендік декларациялау, тауарларды кедендік тазарту және шығару кезінде мемлекеттік органдардың Кедендік рәсімдеу орталығы және халықаралық көлік-логистика орталықтарында өзара қарым-қатынасты жүргізу тәртібін бекіту туралы» бұйрығымен бірігіп енгізу ең маңызды оқиға болып табылады. Соның салдарынан Департаменттің операциялық залында қызмет өкілдеріне арнайы жұмыс орындары бөлінді:

-         Көліктік бақылау;

-         Фитосанитариялық бақылау;

-         Санитарлық-карантиндік бақылау;

-         Ветеринариялық бақылау.

Заңды және жеке тұлғалар, СЭҚ қатысушыларына тауарлар мен көлік құралдарын толық кедендік тазартудан өткізу Ақтау-КРО кеден бекетінен алысқа ұзамай 100 қадамнан аспай кедендік рәсімдеу жүргізуге үлкен мүмкіндік туды.

Салыстырмалы түрде: бұрын жоғарыда аталған қызмет түрлері географиялық жағынан қала сыртында арақашықтығы бір-бірінен 10-30 км  орналасқан болатын, сондықтан рұқсат беру құжаттарын ресімдеу кезінде 10-15 күнге созылып, қолайсыздық туғызатын. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың бірігуінен тауарларды ішкі тұтынуға шығару уақыты 4 сағаттан 2 сағатқа, ал жүктерді экспорттау уақыты 2 сағаттан 30 минутқа қысқарды.

Заңды және жеке тұлғалар мен сыртқы экономикалық қатынас қатысушылырына мемлекеттік қызмет көрсетуде ыңғайлы жағдай жасау мақсатында «Ақтау-КРО» кеден бекетінің операциялық залында:

-         кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге арналған Ұлттық Банк терминалдары;

-         «Форте Банк», «Цесна Банк» сияқты екінші деңгейдегі банктер және «Қазпочта» АҚ филиалдары орналасқан.

Келушілерге онлайн тәртіпте анықтамалық құндық ақпарат қызмет атқарады. 

Кедендік ресімдеу орталығын Маңғыстау облысының әкімі Тоғжанов Ералы Ұлықбаевич жұмыс сапарымен келіп қарады және «Ақтау - КРО» кеден бекетінде «Бір терезе» қағидасының жүзеге асырылуына жақсы баға берді.

Жаңа ғимарат тікелей мағынада ашық және мөлдір.

Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді электронды кезекпен қамтылған ашық кабинеттер және терезелер арқылы жүзеге асырады.

Операциялық залда жұмсақ жиһазбен қамтамасыз етілген ыңғайлы демалыс орындары қарастырылған.

«Ақтау-КРО» кеден бекетінің қызметі Елбасының 2050 Жарғысын жүзеге асыруға  толықтай бағытталған:

- ел қазынасын толтыру мақсатында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша;

-«Азия-Еуропа» транзиттік дәлізін дамытуға;

- Экспорт және импортты ресімдеу кезінде ресімделетін құжаттардың азайтылуына ықпал тигізуге;

- тәуекелдерді басқару методикасын жаңашаландыру;

- Дүниежүзілік сауда ұйымымен нақты қарым-қатынасты нығайту;

- Кедендік Одақ шекарасына тауарлардың нақты әкелуіне дейінгі құжаттарды алдын ала ресімдеу;

- дәл және нақты тұжырымдалған талаптарды, қолжетімділігімен, әрбір клиентке жеке қарауды өзінің жеке тәжірибесінде барынша түсінікті болуды негізге ала отырып электронды декларациялауды енгізу.

 

Кедендік органдар әрқашан Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде!